Мысырда 1 желтоқсаннан бастап демалыс қалай өзгереді?

2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Мысыр билігі мейрамханалар мен дүкендерге жаңа шектеулер енгізгелі жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Вестник АТОР" басылымына сілтеме жасап. 

Негізгі өзгертулер сауда және ойын-сауық орталықтары, шеберханалар, дүкендер және мейрамханалар мен дәмханалар жұмыстарына қатысты болатын. Жаз айларында сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін, мейрам күндері мен демалыс күндері - сағат 00.00-ге дейін қысқартылды.

Қыс айларында жұмыс күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін, ал мейрам күндері мен демалыс күндері түнгі сағат 23:00-ге дейін қысқартылды.

Жаңа шектеу шаралары сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, дүкендер және мейрамханалар мен дәмханалар жұмыстарына қиындық туғызғандықтан, жаз айларында сағат 5.00-ден 01.00-ге дейін, ал қыс айларында жұмыс күндері сағат 5.00-ден 24.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері мен мейрам күндері түнгі сағат 01.00 ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ, би клубтарының уақыты түнгі сағат екіге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Мысырлық дайвер әлемдік рекорд орнатты

Мысыр елінде жаз айлары сәуір айының соңғы аптасындағы жұмасынан басталып қыркүйек айының соңғы  бейсенбісіне дейін жалғасады. Ал қыс айлары қыркүйек айының соңынан басталып, сәуір айының аяғына дейін жалғасады.

Қазақстандық Kompas туроператор басшылығы аэропорт дәмханалары мен дүкендерінде, қонақүйден тыс тағамды жеткізу бойынша шектеулер қойылмайтынын анықтады. Оларға демалыссыз жұмыс істеуге рұқсат берілген.

1 қыркүйектен бастап Мысыр билігі туристер елге келер алдында ПЦР-тест тапсыру мүмкіндігін ұсынып, шектеу шараларын жеңілдетті. Сондай-ақ археологиялық және туристік аймақтарға экскурсия жасату енгізілді.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.