Мысыр вакцина салдырған туристер үшін ПТР-тестін алып тастады

Мысыр вакцина салдырған туристерден ПТР-тестін талап етпейді. Тек олар коронавирустың жаңа штамдары әсер етпеген елдерден келген болуы керек. Бұл туралы РИА Новости Egypt Air әуекомпаниясының баспасөз релизіне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Коронавирус мутациясы анықталмаған елдерден вакциналау туралы құжатпен келген жолаушылардың вакцинация туралы куәлігі тексеріледі. Қолмен түзетілмеген және құжатты берген органды тексергеннен кейін QR коды бар куәліктер қабылданады", - делінген әуекомпанияның Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің директивасына сілтеме жасаған хабарламасында.

Мысыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Мысырдың дәрі-дәрмектер басқармасы мақұлдаған вакциналарды, соның ішінде Спутник V, Pfizer, AstraZeneca, Moderna, Sinopharm, Sinovac, Johnson&Johnson препараттарымен екпе салдырған туристерді қабылдайды. Вакцина салдырғаннан кейін 14 күн өту керек.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.