Мысыр туризмі саяхатшыларды жаппай эвакуациялау режиміне көшті

Мысыр билігі украиналық туристердің курорттардан бірден Еуропа елдеріне жаппай кетуіне алаңдады, - деп хабарлайды Тourprom сайты.

Сенбіде Мысырдың Аhram басылымы Мысыр министрлер кабинетінің баспасөз хатшысы Надер Саадқа сілтеме жасап, соңғы бірнеше күнде 4 мыңға жуық украиналық демалушы пирамидалар елінен Украинаға көрші аумақтарға кеткенін жазды. Бұл - қызыл теңіз елінде қалып, үйлеріне орала алмайтын саяхатшылардың жалпы санының 1/5 бөлігі.

Өткен аптада Украина елшілігі Мысыр үкіметіне Украина азаматтарын тасымалдауға көмектесуді сұрады. Украинаның Мысырдағы уақытша сенімді өкілі Руслан Нечай Каирдегі баспасөз мәслихатында елшілік Мысырдың Сыртқы істер және туризм министрліктерімен қазір елде жүрген 20 мыңға жуық украиналық туристі Украинаның көрші елдеріне, әсіресе Польша, Венгрия және Словакияға эвакуациялау жұмыстарын үйлестіретінін айтты. Эвакуация екі кезеңнен тұрады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!