Мысыр пирамидаларының жанында үйлену тойының фотосессиясы қанша тұрады

Фото ©Shutterstock

Мысыр билігі елдің археологиялық орындары жанында үйлену тойының фотосессиясы үшін бірыңғай бағаны белгіледі. Бұдан былай Гиза пирамидаларының қасында бір сағаттық түсірілімі үшін жас жұбайлар 1 500 мысырлық фунт төлеуі керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысыр билігі елдің археологиялық орындары жанында үйлену тойының фотосессиясы үшін бірыңғай бағаны белгіледі. Бұдан былай Гиза пирамидаларының қасында бір сағаттық түсірілімі үшін жас жұбайлар 1 500 мысырлық фунт төлеуі керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мысырдың Туризм және ежелгі министрлігі елдің археологиялық көрікті жерлеріне жақын жерде үйлену тойына арналған фотосессияның әр сағаты үшін ақшалай мөлшерлемені мақұлдады және бекітті. Мәселен, қарашаның басынан бастап үйлену тойының фотосессиясын ұйымдастыруға шешім қабылдаған жас жұбайларға 1 500 Мысыр фунтын (шамамен 95 доллар немесе 40 938 теңге) төлеуі қажет. Мысырдағы перғауындардың қабірлерінде коммерциялық түсірілім мысырлықтар үшін 1 500 фунт және шетелдіктер үшін 3 000 фунт (тиісінше 40 938 және 81 863 теңге) тұрады.

Мысырдың туризм және ежелгі туризм министрі Халед әл-Анани туристік компаниялар арқылы немесе өзі келетін туристердің барлық түрі үшін қосымша сапарлардың жұмысын реттейтін тиісті жарлық шығарды. Жергілікті газеттердің мәліметінше, құзырлы ведомстволар бұл мәселені нақты реттеп жатыр.

Реклама
Реклама

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная