Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Мысыр пирамидаларының жанында үйлену тойының фотосессиясы қанша тұрады


Мысыр билігі елдің археологиялық орындары жанында үйлену тойының фотосессиясы үшін бірыңғай бағаны белгіледі. Бұдан былай Гиза пирамидаларының қасында бір сағаттық түсірілімі үшін жас жұбайлар 1 500 мысырлық фунт төлеуі керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мысырдың Туризм және ежелгі министрлігі елдің археологиялық көрікті жерлеріне жақын жерде үйлену тойына арналған фотосессияның әр сағаты үшін ақшалай мөлшерлемені мақұлдады және бекітті. Мәселен, қарашаның басынан бастап үйлену тойының фотосессиясын ұйымдастыруға шешім қабылдаған жас жұбайларға 1 500 Мысыр фунтын (шамамен 95 доллар немесе 40 938 теңге) төлеуі қажет. Мысырдағы перғауындардың қабірлерінде коммерциялық түсірілім мысырлықтар үшін 1 500 фунт және шетелдіктер үшін 3 000 фунт (тиісінше 40 938 және 81 863 теңге) тұрады.

Мысырдың туризм және ежелгі туризм министрі Халед әл-Анани туристік компаниялар арқылы немесе өзі келетін туристердің барлық түрі үшін қосымша сапарлардың жұмысын реттейтін тиісті жарлық шығарды. Жергілікті газеттердің мәліметінше, құзырлы ведомстволар бұл мәселені нақты реттеп жатыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Халықаралық шенеуніктер туристер үшін әдемі ауылдардың рейтингін жасады Халықаралық шенеуніктер туристер үшін әдемі ауылдардың рейтингін жасады
Жұмақ аралы "омикронның" салдарынан қайта жабылды Жұмақ аралы "омикронның" салдарынан қайта жабылды
Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты