Мысыр курорттарында жаңажылдық сауық кештеріне тыйым салынды

Мысыр үкіметі жаңа жылдық мерекелерде елдің қонақүйлері мен мейрамханаларында мерекелік кештерге тыйым салуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ATOR басылымына сілтеме жасап.

Arab News хабарлауынша, тыйым жабық орындарда өтетін сауықтыру шараларына қатысты.

Бұл шешімді ел билігі демалыс кезінде адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін қабылдады. Ережені бұзғаны үшін үлкен сомада айыппұл төленеді. Тыйымның сақталуын Мысыр туризм министрлігінің «құпия қызметкерлері» бақылайды. Қазақстандық турагенттердің ақпараты бойынша туристерге арналған мерекелік іс-шаралар ашық аспан аясында ғана өткізілуі мүмкін.

Жаңа жыл қарсаңында мейрамханаларды пайдалану аз болады деп күтілуде, себебі жұмыс уақыты шектеулі, кальянға тыйым салынады және осы маусымда шетелдік туристер саны аз болып тұр.

Мысырдың туризмді дамыту жөніндегі басқармасы 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай туристтердің 72 пайызын жоғалту қаупі бар деп есептейді. Агенттік Мысырдағы туризм секторын қалпына келтіру 2021 жылдың наурызында басталады деп санайды.

Мысырға тікелей рейстер қазақстандықтар үшін Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қазақстандық әуекомпаниялар арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Шарм-эль-Шейх әуежайына келетін жолаушылардың теріс нәтижесі бар ПТР сынағының сертификаты болуы керек. Сертификат болмаған жағдайда оларға әуежайда 30 долларға тест тапсыру ұсынылады.