Мысыр электрон визаларды қайта бере бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

1 шілдеден бастап Мысырдың электрон туристік визаларын беру жөніндегі интернет-портал іске қосылды. E-VISA 2020 жылдың наурызынан бері берілмеді. Қазір қызмет 74 елде 8 тілде қолжетімді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


1 шілдеден бастап Мысырдың электрон туристік визаларын беру жөніндегі интернет-портал іске қосылды. E-VISA 2020 жылдың наурызынан бері берілмеді. Қазір қызмет 74 елде 8 тілде қолжетімді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бір реттік E-visa-ны Мысыр Республикасының ELECTRONIC VISA PORTAL-ында рәсімдеуге болады. Барлық ақпарат пен толтыру процесі сегіз тілде қолжетімді. Сайтта егжей-тегжей сипатталған 8 қарапайым қадамнан өту керек.

Электрон визаны төлеу оны алғанға дейін банк картасының көмегімен жүзеге асырылады. Мысыр әуежайындағы виза тек қолма-қол ақшалай - АҚШ долларымен немесе жергілікті валютамен төленетінін ескеріңіз.

Сайтта төлегеннен кейін турист визаның мақұлдауын күтіп, оны осы мақсат үшін арнайы жасалған есептік жазбадан басып шығаруы керек. Құжатты өңдеу процесі шамамен бір күнге созылады, бірақ бас тартқан жағдайда виза ақысы қайтарылмайды.

Егер кәмелетке толмаған балаларға электрон виза алу қажет болса, мұны ата-аналар өздерінің есептік жазбаларын пайдаланып жасай алады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel