Мұнда Клеопатра мен Мұса пайғамбар болған. Мысырдағы табиғи лабиринтте қалай адасып кетпеуге болады?

Шарын шатқалының арқасында көптеген қазақстандықтар жартасты алқап сияқты сирек кездесетін табиғи жерді өз көздерімен тамашалай алады. Айта кетсек, барлық елде мұндай шатқалдар бола бермейді. Мысалы, қазақстандықтарға тікелей рейстер тұрғысынан қолжетімді болып келетін Мысырды алсақ. Біз әр түрлі шатқалдар жинақталған саяхатшылар үшін міндетті түрде көру қажет Синай түбегін айтып отырмыз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Эт-Тих тау жотасында орналасқан осы шатқалдар жайлы баяндайды. Аңыз бойынша, Мұса мен израильдіктердің 40 жылдық адасуы осы жерлерде болған.

Бұл жер бес шақырымдық табиғи лабиринт, шатқалға кіре берістен шығысына дейін бір шақырымдай аз ғана жерде орналасқан. Ал тар арнаны қоршап тұрған тасты қабырғалардың биіктігі 40 метрге жетеді. Қабырғаның қою қоңыр, қызыл, сары реңктері негізінен құмтас пен әктастан тұрады, ал түс реңктеріне тау жыныстарында магний мен темір оксидтерінің болуы тікелей әсер етеді. Кейде жыныстардың түсі жылтыр металл түске ие болады, ал кейбір жерлерде тас соншалықты тегіс, жұмсақ болып көрінеді, ал гранит пен базальт қосылып, шатқалға ерекше көркем түс береді.

Фото ©Shutterstock

Шатқал бойымен серуендеу түрлі кедергілерге толы: жолды бөгейтін тастар, жаңбырдан кейін пайда болған тоғандар. Бұл сапарды қызықты етеді және керемет кадрлар түсіруге мүмкіндік береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Лилёк (@lilya_malyar)

"Серуендеу кезінде көз алдыңыздағы көріністер үнемі өзгеріп отырады, барлық жерде тосынсыйлар күтеді: аппақ құм, содан кейін сіз Марста жүргендей боласыз, ары қарай арқанмен шатқалға түсіп кетесіз, содан кейін вегетариандық тағамдары бар оазис пайда болады, сосын джипке отырып жүргізуші - бәдәуимен құм төбелерде жүйткисіз", - дейді саяхатшылардың бірі өз әсерімен бөлісіп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ~•☾ Y A N A ☾•~ (@yana_creativeimpress)

Шатқал ежелгі мұхит орнында пайда болған. Шамамен бес миллион жыл бұрын бұл жерде жер сілкінісі болып, одан үлкен жарық пайда болған. Ғасырлар бойы су мен желдің қызыл құмтасқа ойпаттар мен жолақтар қалдырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ibrahim Serag (@ibrakhim5)

Шатқалды жылына орта есеппен төрт рет жуатын жаңбыр кезінде ол су астында қалады. Содан кейін су вадиға (яғни, құрғаған өзенге) Вади-Ватирға ағады.


Фото ©Shutterstock

Еске сала кетейік, жергілікті ландшафт өзен мен желдің әсерінен қалыптасқан. Ал 6000 жыл бұрын, геологиялық стандарттар бойынша салыстырмалы түрде жақында, мұнда бұлақтар сыңғырлап, үлкен өзен ағып жатты. Сонымен бірге шатқалдың таңғажайып пішіндері небір аңыздарға арқау болды. Олардың кейбірін жергілікті гидтер ойлап тапқан. Мысалы, сол аңыздың бірінде, олар динозаврлардың іздерін көрген. Екінші біреуінде, таққа ұқсайтын шыңды әйгілі мысырлық билеуші әйел "Клеопатра тағының" құрметіне атаған. Гидтер айтқандай, дәл осы жерлерде Мысыр патшайымы демалуды жақсы көріпті-мыс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sveta Kroitor (@svet_raket)

Алуан түсті шатқалға келушілер шөлді ағаштарға ұқсайтын өсімдіктерді кездестіруі мүмкін. Олардың емдік қасиеттері бар деп есептеледі, ал өсімдікті ұстаған ер адам ерекше күшке ие болады екен. Айтқандай, олардың емдік күші дәлелденбеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alina Herman (@germanalru)

Алуан түсті шатқалға барғандар жаяу серуендеуге өте ыңғайлы екенін айтады. Жаяу жүргіншілер жолының биіктігі шамамен 200 метр. Әдетте Нувейба қаласындағы жағажай мейрамханасында түскі ас пен Дахаб курортына бару кіретін қамтитын экскурсия ұсынылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олена Левицька (@lena_levytska)

Сондай-ақ, қызықты жерлерді жіберіп алмау және адасып кетпеу үшін арнайы нұсқаулықты пайдалану ұсынылады. Ең тартымды және таңғажайып жерлердің өз атаулары бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mark Norkin (@marknorkin)

Міне, ұсыныстары бар жылдам нұсқаулық:

- экскурсия алдында сізге төлқұжат қажет болар-болмасын анықтап алыңыз;
- жеңіл, жабық киім мен бас киім киіңіз, бекіткіштері бар және биік табанды аяқкиім киіңіз, себебі тастарға көтерілуге тура келеді. Кроссовкаларда ыстық болады;
- суға түсуге арналған керек-жарақтарыңызды алыңыз;
- міндетті түрде ішетін су алыңыз, өйткені жергілікті бәдәуилер оны бес есе қымбатқа сатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rostyslav Eshchurovskyi (@excellent_dj)

Мысыр билігі алуан түсті шатқалға өз бетінше баруға тыйым салғанын есте сақтаңыз. Енді мұнда тек гидпен кіруге болады. Шешім қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қойылған. Сондықтан сенімді гидсіз шатқалға бара алмайсыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julie (@precious_jewels822)

Алуан түсті шатқал Нувейба курортынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Бұл курортта демалушылар үшін шатқалға бару қиын болмайды. Сонымен қатар, жолдың соңғы 15 шақырымы Вади Ватир құрғақ өзен арнасы арқылы өтеді.


Фото ©Shutterstock

Ал Дахаб пен Таба курорттарынан қашықтық шамамен 100 шақырым, бұл екі сағаттық жолды құрайды. Туристер үшін ең ұзақ жол Шарм-эль-Шейхтен басталады. Бұл жерден Алуан түсті шатқалға дейінгі қашықтық -  шамамен 200 шақырым және 3,5 сағат уақытты алады. Бірақ жолда теңіздің әдемі көрінісі ашылады, ал жартастар жол бойында керемет әсер береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Victoria Havryshchuk (@vika.gvr)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.