Молдова Республикасының Денсаулық, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қай елдердің азаматтарына елге кіруіне тыйым салынғаны көрсетілген тізім жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қызыл аймақ" тізіміне 37 мемлекет кірген, оның ішінде Қазақстанда бар.
Қаулыға сәйкес, тізім 21 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін жарамды.
Тізім әр екі апта сайын жұмада жаңарып отырады және келесі дүйсенбіден бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Оман қазақстандықтарға арналған кіру ережелерін өзгертті.