Миллиардерлер отырған "Титан" батискафының екі бөлігі табылды

Құтқару ісінің сарапшысы Дэвид Мирнс табылған сынықтар арасындағы жоғалып кеткен "Титан" батсикафының бөлшектері барын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Табылғаны маңызды екі бөлшек екен - отыру рамасы мен артқы қақпақ, алайда корпус сол күйі табылмапты.

"Сынықтардың шашылуы су асты аппаратының істен шыққанын білдіреді. Бұл ең жағымсыз сценарийді растап отыр", - дейді Мирнс.

Дегенмен сарапшылар әлі табылған сынықтар шынымен "Титанға" тиесілі екенін анықтау керек. Дегенмен сарапшылардың көбі оқиғаның қайғылы аяқталғанына иланып отыр.

"Пайымдауымша, "Титан" тереңге сүңгу кезінде қатты қысымнан жарылып кетті", - дейді адмирал Джеймс Бернелл-Ньюджент, Корольдік флоттың бұрынғы бас қолбасшысы.

Еске салайық, 19 маусым Антлантикада бес жолаушы отырған батискаф жоғалып кеткен еді. Оның бортында миллиардер Хэмиш Хардинг, сонымен бірге, Пәкістанның ең бай адамдарының бірі, миллиардер Шахзада Давуд пен оның ұлы Сулейман болған.

Коллаж foxnews.com: Сулеман Давуд, Шахзада Давуд, Стоктон Раш, Поль-Анри Нарголе және Хэмиш Хардинг.

22 маусым батискафта оттегі таусылғаны хабарланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!