Меркель Германияда коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтты - БАҚ

© Reuters

Германия канцлері Ангела Меркель парламенттік фракция отырысында Германияда індеттің үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды DW.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германия канцлері Ангела Меркель парламенттік фракция отырысында Германияда індеттің үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды DW.

"Біз коронавирустың үшінші толқыны келгеніне көз жұмып, қарап отыра алмаймыз", - деді ол RTL телеарнасында.

"Сонымен қатар, Меркель егер Германияда коронавирус инфекциясының "Оңтүстік Африка" мутациясы таралса, қолда бар вакциналар тиімділігі жеткіліксіз болады деген қауіп барын айтты. Осыған байланысты ол коронавирустың жаңа мутациялары пайда болуынан сақтану үшін локдаунды жеңілдетуден аулақ болуға шақырды", - деп жазады Reuters өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

10 ақпанда Меркель мен Германия федерал жерлері премьер-министрлері 2020 жылғы желтоқсанның ортасында енгізілген қатаң локдаунды 7 наурызға дейін ұзартуға шешім шығарған. Федерал канцлер кеңсесі бірқатар федерал штат қарсылығына қарамастан, коронавирустың жаңа, қауіпті мутацияларының тез таралуын айта отырып, осындай шешім шығарды.

Нәтижесінде шектеулер алдағы апталарда да сақталады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, қонақүйлер, мейрамханалар мен кафелер, театрлар мен кинотеатрлар, фитнес-студиялар, бөлшек сауда орындары жабық күйінде қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная