Мектеп демалысында саяхаттайтын отбасыларға арналған 6 кеңес

Ұлыбританиялық туроператорлар мен турагенттер қауымдастығы (ABTA) мектеп демалысы кезінде саяхаттайтын отбасыларға алты кеңес берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вreaking Travel News порталына сілтеме жасап.

ABTA саяхаттың мүмкіндігінше қолайлы өтуіне көмектесетін алты кеңесті ұсынды:

1. Сапар алдында баратын елдің Сыртқы істер министрлігінің ұсыныстарымен танысыңыз.

2. Әуежайға, портқа немесе вокзалға сапарды алдын ала жоспарлаңыз және кептелістерге қосымша уақыт бөліңіз.

3. Әуежайға келу сіздің әуекомпания немесе көлік қызметі ұсынған ең ерте уақытта дұрыс болады. Белгіленген уақыттан ертерек келу терминалдағы кезектің көбеюіне әкелуі мүмкін.

4. Рейске онлайн тіркелу арқылы уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, тіркелу кезінде қажет болуы мүмкін саяхатқа қажетті барлық құжатты ұсынуға дайын екеніңізді алдын ала тексеріңіз.

5. Ноутбук, планшет және басқа да электр құралдарын - олар үшін қарастырылған қол жүгі бөліктеріне салыңыз. Сондай-ақ, сұйықтықты қол жүгі арқылы алуға болады. Есіңізде болсын, олардың көлемі 100 миллилитрден аспауы керек және 20х20 сантиметрге дейінгі пакетке салған дұрыс.

6. Қауіпсіздік бақылауынан өткен кезде пальто, куртка және белбеу сияқты киімдерді алып тастаңыз, қалтаңыздағы барлық затты шығарыңыз.

"Мектептегі жазғы демалыстар, әдетте, саяхаттау үшін жылдың ең қызықты уақытына айналады. Сондықтан алдын ала жоспарлау - демалыстың басталуын мүмкіндігінше қолайлы етудің ең жақсы тәсілі. Демалушылар әуежайға әуекомпания ұсынған уақытта келу, жол жүру құжаттарын тіркеу және қауіпсіздік үшін қол жүгін мұқият дайындау кезінде кезектерді азайтуға көмектеседі", - деп қорытындылады ABTA байланыс директоры Грэм Бак.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!