Мексикадағы жазғы демалыс туралы нені білу керек

Осы жазда Мексика курорттарында демалғысы келетіндер үшін коронавирус шектеулері аса қатаң емес, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom басылымына сілтеме жасап.

Ауа райы

Мексикада маусымда жаңбыр басталады және шілдеде қатты жауады. Жиі нөсерден басқа, теңіз жағалауында тайфундар бар. 30 ℃ ауа температурасында ылғал 100 пайызға жетуі мүмкін. Шомылу үшін айтарлықтай қолайлы емес. Алайда Канкуннан 70 км қашықтықта орналасқан Плая-дель-Кармен курортында күн шуақты болуы мүмкін.

Ковидтік шектеулер

Мексикада пандемияға қарсы қатаң шаралар көп емес. Санитарлық хаттамаларға сәйкес, мейрамханаларда адам толымдылығы 60 пайыздан, қоғамдық көліктерде 50 пайыздан аспауы керек. Жағажайларға кіре берісте медициналық бақылау қарастырылған, сауда орталықтарында келушілердің дене температурасы тексеріледі. Фитнес-клубтардағы сабақтар тек ашық ауада өтеді. Туристерге музейлер мен көрнекті орындарға баруға рұқсат етіледі, бірақ кейбір нысанда бір уақытта болуы мүмкін экскурсанттардың саны бойынша шектеу қойылады.

Қонақүйде тұру

Онлайн брондау сайттарынан алынған мәліметтерге сәйкес, Канкунда жазғы күндерге 500-ден аса нысан - пәтерлерден бастап танымал халықаралық желілерге жататын 5* қонақүйлерге дейін бар. Екі адамға арналған бөлме үшін 10 күн тұру құны 138,6 мың теңгеден басталады. "Барлығы қосылған" тарифімен – жағалауға жақын бірінші жолда 4* қонақүйлерде баға 740 мың теңгеден және жағалаудағы 5* қонақ үйлерде 820 мың теңгеден басталады