Мексикада туристер отырған көлік апатының салдары видеоға түсірілді

Мексикада туристік автобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан сегіз адам қайтыс болды. Апаттың салдары видеоға түсті, оны Daily Mail жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Канкун курорттық қаласының жанында қайғылы оқиға болды. Меридаға бара жатқан автобус жүк көлігіне құлап, төңкерілді. Салдарынан сегіз адам көз жұмды, тағы 20 адам жарақат алды. Апаттың ең жас құрбаны тоғыз жасар қыз болды.

Желіде таралған кадрларда көмек сұраған турист көрсетілген. Қыз автобуста тұрып, өздігінен шыға алмайды. Орындықтар арасында қысылған басқа жолаушыларды да көруге болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!