Мексикада 43 жастағы туриске суда жүзген сәтте "теңіз шайтаны" деп аталатын скат түрі шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Cabo Sun басылымына сілтеме жасап.
Демалушы жағалауда шомылып, су асты тіршілік иелері - денесінің ұзындығы тоғыз метрге дейін жететін, негізінен төрт метр шамасында болатын скат, манталарды тамашалаған.
Бір кезде турист тобығы тұсынан ауырлықты сезінген, ол шығып кеткендей ауырған. Оның жанында скат жүзген. Айғайлаған саяхатшыға құтқарушылар көмекке келіп, судан алып шыққан. Олар алғашқы көмек көрсетіп, ары қарай ауруханадан ем алуға кеңес берген.
Мамандар судағы тіршілік иесін шомылушылар қоздырды деп күдіктенеді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!