Мексикада серфингке шыққан турист сал болып қалды

Фото: pixabay.com

Мексикаға демалуға келген америкалық турист теңіз толқынының кесірінен сал болып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Khou 11 арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикаға демалуға келген америкалық турист теңіз толқынының кесірінен сал болып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Khou 11 арнасына сілтеме жасап.

Джаред Хилл Тулум курортында серфингпен айналысып жүргенде жойқын толқынға тап болып, салдарынан жағажайға ұшып түскен. Зардап шеккен туристің омыртқасы бірден үш жерден сынғаны анықталды. Оның құрдасы Джастин Рэйфорд досының суға батып бара жатқанын көріп, оны судан алып шығарды.

Қонақүй менеджері жәбірленушіге жүгіріп келіп, жедел жәрдем бригадасын шақырғанын айтқан. Алайда бір сағат күтіп, келмеген соң Рэйфорд өзі көмек шақыруға мәжбүр болды.

Реклама
Реклама

Қатты азаптанған Хилл үш сағаттан кейін ғана ауруханаға жеткізілді. Жарақаты күрделі болғандықтан, аурухана оны қабылдаудан бас тартты. Сөйтіп туристер екі күн бойы Хиллге операция жасап беретін мекемені іздеді.

Медициналық сақтандыруы болса да, америкалық еміне 20 мың доллар (шамамен 8 800 000 теңге) жұмсады. АҚШ-қа келгеннен кейін Хиллге тағы бір операция қажет екені анықталды. Рэйфордтың сөзінше, оның досының өміріне әлі де қауіп төніп тұр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная