Мексикада марихуана заңдастырылды

Мексикада Конгрестің төменгі палатасы каннабисті денсаулықты қалпына келтіру, медицина және ғылыми мақсатта қолдануды қылмыстық жауапкершіліктен босататын заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Заң жобасын мақұлдауға Мексика Конгресінің 316 мүшесі дауыс берді, 127 депутат қарсы дауыс берді.

Заң жобасы марихуананы өсіру, өңдеу, сату, зерттеу, экспорттау немесе импорттау лицензиясының бес түріне рұқсат береді. 18 жастан асқан, рұқсаты бар адамдар ғана марихуананы өсіре немесе қолдана алады.

Заң жобасы түпкілікті мақұлдау үшін парламенттің жоғарғы палатасына жіберіледі. Онда жоба мәтініне кішігірім өзгерістер енгізілуі мүмкін.

"Бұл - болашақ тарихы", - деді Лопес Обрадор басқарушы партия депутаты Симей Олвера.

Бұған дейін ел Президенті каннабис пен басқа да есірткілерді заңдастыру Мексиканың күшті есірткі картельдерімен күресуге көмектесетінін мәлімдеген еді.

Осылайша, Мексика Уругвай мен Канададан кейінгі марихуананы қолдануға рұқсат етілген әлемдегі үшінші ел болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!