Мексикада қозғалтқышы өртенген ұшақ Гвадалахара әуежайына қонды

Мексикалық VivaAerobus компаниясының Airbus A320 ұшағының қозғалтқышы өртенді. Ұшақ Гвадалахара - Лос-Анджелес рейсімен ұшып бара жатқан. 43 минуттан кейін ұшқыштар ұшақты қауіпсіз жерге қондырды, - деп хабарлады рейстің жолаушылары әлеуметтік желілерде.

"VivaAerobus бұл жағдайды жиіркенішті түрде шешті. Экипаждың жолаушылармен байланысы жоқ, біз өлеміз деп ойладық",- деп жазды өзінің Twitter-дегі блогында рейстің жолаушысы Кимберли Гарсия.

Ол бөліскен видеода ұшақтың оң жақ қозғалтқышынан ұшқын атқылап, қала үстінен ұшып барады. Рейстің басқа жолаушылары әртүрлі желіде өрт сөндіру қызметінің қону және келу сәттерін жариялады.

FlightRadar қызметінің мәліметінше, Гвадалахара - Лос-Анджелес бағыты бойынша VB518 рейсін орындаған A320-200 борты ауада 43 минут өткізіп, Джалиско штатының астанасының үстінен бірнеше шеңбер жасады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!