Мексика туристер үшін жаңа салық енгізді

© pixabay.com

Мексиканың ең танымал туристік аймағы Кинтана-Роо 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап шетелдік туристерге жаңа салық төлетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Riviera Maya Times басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексиканың ең танымал туристік аймағы Кинтана-Роо 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап шетелдік туристерге жаңа салық төлетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Riviera Maya Times басылымына сілтеме жасап. 

Туризм бойынша мемлекеттік хатшы Марисоль Ванегастың айтуынша, төлем құны 10 доллар (4 200 теңге) болады және осы аймаққа келетін қонақтардың жалпы мөлшеріне әсер етпейді. 

Реклама
Реклама

Билік өкілдерінің айтуынша, осы салық арқылы пандемияға байланысты штаттағы туризмнен жалпы түсетін табыстың азайып кетуін толықтырады. Алайда кейбір туроператорлардың айтуынша, жаңа салықтың кесірінен туристер Кариб аумағындағы басқа демалыс аймақтарын (Куба мен Доминикана) таңдауы мүмкін. 

Мачу-Пикчу, Пхукет және Бали. Пандемиядан кейін демалу үшін тиімді бағыттар аталды

Айта кетейік, штатта туризм саласы негізгі табыс көзі болып есептеледі. Кинтана-Роо Мексиканың шығыс бөлігіндегі Юкатан түбегінде орналасқан. Мұнда танымал курорттық орында, оның ішінде Канкун, Косумель, Исла-Мухерес және ежелгі майя үйінділері орналасқан Тулум бар. 

Еске салайық, Қазақстаннан әзірге Мексикаға тікелей әуебайланыс жоқ. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная