Меккеге бара жатқан лық толы автобус өртенді: 20 адам қаза тапты

Сауд Арабиясында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысу салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Saudi Gazette басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысу салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Saudi Gazette басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жол апаты Абха қаласы мен Махаил Асир мухафазасын (провинция) қосатын Акаба Шаар атты жолда болған. Тежегіші істен шыққаннан кейін, жолаушылар автобусының жүргізушісі басқаруды игере алмай көпірге соқтығысып, аударылған, артынша өртенген. Зардап шеккендер ұмра жасау үшін Меккеге бара жатқан.

Реклама
Реклама

Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына дереу жетіп, құтқару жұмыстарын бастады. Апаттан кейін жол қозғалысы бірнеше сағатқа жабылды. Қайтыс болған қажылардың, сондай-ақ жаралылардың денелері аймақтың бірнеше ауруханаларына жеткізілді. Зардап шеккендердің көпшілігін күйік шалған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная