Мавританиядағы Нуакшот әуежайында жолаушылар ұшағына басып кірген белгісіз адам ұсталды. Бұл туралы РИА Новости әуе айлағындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, шабуыл жасаған ер адам АҚШ азаматы болып шықты. Қауіпсіздік қызметкерлері оны ұстады. Ол әуежай мен әуе кемесіне зиян келтірмеді. Қазір әуежай жұмысы толық бақылауда.
Еске салайық, бұған дейін белгісіз ер адам Мавританиядағы Нуакшот әуежайында жолаушылар ұшағына басып кіріп, төлем талап еткені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!