Маврикий шекарасы ашық: елге кімдер кіре алады

Маврикий аралының ашылуы екі кезеңмен жүргізіледі. Бұл туралы АТОР басылымы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Маврикий 30 маусымға дейін шетелдік туристер үшін жабық болды. 15 шілдеден бастап "Спутник V" вакцинасын мойындады. Арал билігі вакцина салдырған және салдырмаған шетелдік саяхатшыларды қайта қабылдай бастады.

Аралдың ашылуы екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңі 2021 жылдың 15 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін болады. Толық вакцина салдырған саяхатшыларды "курорттық көпіршік" форматында 14 күндік демалыс күтеді.

Екпе салдырған қонақтар өздері таңдаған қонақүйде қалып, бассейн мен жағажайға бара алады. Егер қонақтар 14 күн және одан да ұзақ тұрса, онда 2 аптадан кейін ковид ПТР-тестінің теріс нәтижелерін алса, оларға қонақүйден кетуге және аралда еркін саяхаттауға рұқсат етіледі.

Вакцина салдырмаған туристер карантиндік қонақүйлердің бірінде 14 күн тұрады. Бұл уақытта туристер өз бөлмелерінде қалады және оларға тамақ жеткізіледі. Карантин кезінде нөмірден шығуға тыйым салынады. ПТР-теріс тестімен оқшауланғаннан кейін туристерге аралға саяхаттауға немесе басқа қонақүйге көшуге рұқсат етіледі.

2021 жылдың 1 қазанынан бастап Маврикийде екпе салдырған туристер үшін карантин алынып тасталады. Аралдың айналасында еркін жүруге және кез келген қонақүйде тұруға рұқсат етіледі.

Аралға кірудің шарты ПТР-тестінің теріс нәтижесі болады (ұшуға дейін 72 сағаттан ерте емес). Вакцина салдырмаған саяхатшылардың келу және болу шарттары өзгермейді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!