Үнді Мұхитындағы Африканың оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Маврикий аралының билігі вакцина салдырған туристер үшін демалыс жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.
travelweekly.com мәліметінше, арал туристер үшін 2021 жылы кезең-кезеңімен ашылады. Бірінші кезең 15 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы кезеңде арал тек екпе салдырған туристерді қабылдайды.
mauritiusnow.com ақпаратына сәйкес, Маврикий барлық елден келген туристер үшін ашық болады, бірақ саяхатшыларға Маврикийде (Оксфорд/АстраЗенека, Sputnik V, Covaxin) мақұлданған препарат толығымен егіліп, ПТР-тестінің теріс нәтижесі болуы керек деген талап қойылады. Егер толық вакциналау үшін вакцинаның екінші дозасы қажет болса, оны аралға келгенге дейін кемінде 14 күн бұрын алу керек.
@Shutterstock
18 жасқа дейінгі балаларға вакцина міндет емес, оларға ПТР-тестінен өту жеткілікті.
Сонымен қатар, ұшу кезінде жолаушылар денсаулық жағдайы туралы өтініш бланкін толтырып, оны келген кезде ресми тұлғаларға тапсыруы керек.
Бірінші кезеңде туристердің аралдағы қозғалысы шектеледі. Оларға бассейн мен жағажайды қоса алғанда, қонақүй аумағы қолжетімді болады. Саяхатшылар ПТР-сынақтарын - келгеннен кейін, аралда болған жетінші және он төртінші күні тапсыруы керек.
Маврикийде болған екі аптадан кейін туристер қонақүйден кетіп, сапардың соңына дейін аралда еркін саяхаттай алады.
Маврикийдің төлқұжат-иммиграциялық қызметінің мәліметінше, қазақстандықтар Маврикий визасын келген бойда тегін алады. Ол 60 күнге жарамды.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!