Масондар төңкерілген мұнара ішінде не істеген? Португалиядағы діни-салттық құдық жайлы

Португалияда "жаһаннамға" түсіп, сосын "жәннатқа" көтерілетін 27-метрлік масон құдығы орналасқан жер бар. Ол жерге қатысты көптеген аңыз-әңгімелер де бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы бір тылсым орын туралы әңгімелейді.

Кинта да Регалейра - өткен ғасырдың басында салынған, Португалияның оңтүстік-батысында орналасқан, ежелгі Синтра қаласында, осы аттас муниципалитетте салынған сарай мен саябақ кешені. Бұл жер мыңдаған туристерді несімен қызықтырады? Жаңа готика стиліндегі романтикалық сарай, сағат мұнаралары мен субұрқақтар, көлдері мен туннельдері бар саябақ. Сонымен қатар, сіз бұралмалы баспалдақ бойымен жер астындағы 27 метр тереңдікте жатқан құдыққа түсе аласыз. Масондар дәл осы жерде құпия діни рәсімдер жасаған-мыс деп айтылады.

Масондар құдығы

Бұл құдық жартасқа ойып салынған. Сырт жағынан қарағанда төңкерілген мұнараға ұқсайды. Құдықтың ішінде бұралған баспалдақ бар, оның бойымен төмен қарай түсе аласыз. Бұл әрқайсысы 15 қадамнан тұратын тоғыз баспалдақ. Қабырғалары ойықты бағаналы шеңбершелермен безендірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПАВ (@pavantikvar)

Құдықтың дизайнын итальяндық сәулетші Луиджи Манини жасаған. Оның жоспарына сәйкес баспалдақтың тоғыз деңгейі Данте Алигьери "Божественная комедия" поэмасында жазғандай тозақтың тоғыз шеңберін, тазарту және жұмақты бейнелейді. Сонымен бірге сәулетшінің мұндай идеясы туралы нақты ақпарат және оның масондыққа қатысқандығы туралы құжаттық дәлелдер жоқ. Құдықты ана әлемнің тас күзетшілері қорғайды деп саналады. Бұл құдықтың көлемі сегіз қабат үй сыйып кетердей.

Қызықты дерек

Масондар дегеніміз кімдер? Масондық қозғалыс немесе франкмасондық (көне француз тілінен аударғанда еркін тас қалаушы) 1717 жылы жасырын қоғам ретінде пайда болған. Негізгі нұсқа бойынша, масондықтың пайда болуы ортағасырлық тас қалаушылардан шыққан. Екінші жағынан, бұл қозғалыстың бастаулары одан да ежелгі дәуірлерден басталады, яғни, тамплиерлер орденінен мен розенкрейцерлер орденінен деп айтылады.

© Shutterstock

Масондықтың негізгі қызметі – қайырымдылық жасау және бауырластық қатынастарды сақтау мен дамыту. Сонымен қатар, Жоғары Күшке сенуді қажет ететін моральдық жетілу (Әлемнің Ұлы сәулетшісі - масондықтағы құдайдың бір түрі).

Құдық туралы аңыздар мен масондармен байланыс туралы ешқандай құжаттық дәлелдер табылмаған, бірақ олардың соңғы рет рәсімдерін құдықта орындаған деп есептеледі. Айтуларынша, адам өзінің жанын танудың белгілі бір кезеңінен өтеді.

© Shutterstock

"Масондықтың толық тарихы" кітабында масондыққа қабылдауды егжей-тегжейлі түсіндіріп, жеке тарау арнаған. Бірнеше элементтері мен белгілері Ескі Өсиет аяттарына сілтеме жасайды.

"Сенушінің киімі бей-берекет, бір аяғы жалаңаяқ болуы шарт. Ал ізденушіден темірден жасалған барлық зат, оның ішінде ақшасын да алып қояды, себебі, масондық символдар бойынша "ол дүниені дүр сілкіндіретін құмарлық" болып саналады екен. Бұл рәсім сенушіні символды түрде кедейге айналдырып, масондықтың негізгі идеяларының бірі – өзіңде барды мұқтажға беру дегенді терең ұғындыру болып табылады-мыс. Сенуші "жерде, суда, ауа мен отта" символды саяхат жасауы тиіс екен. Содан кейін барып Шебер оны масондыққа қабылдап, артынан ант оқылады", - деп берілген кітабында.

Мүмкін, сенуші адамдардың саяхаты құдықтан басталған болар, ал "жер асты" рәсімі оның түбінде орындалуы әбден мүмкін.

Бұл құдық болғанымен, ішінде су жоқ. Оның төменгі жағында Монтейрудың сегіз бұрышты жұлдызша орналасқан елтаңбасы бейнеленген, оған тамплиерлер кресті жазылған. Қабырғада жарқыраған үшбұрыш бейнеленген. Ол - масондықтың символдарының бірі.


© Shutterstock

Кинта да Регалейра жекежайы

Құдық Синтра қаласындағы Кинта да Регалейра жекежайының аумағында орналасқан. Бұл қала Португалия астанасы Лиссабоннан 23 шақырым жерде орналасқан. Синтра ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. "Синта" португал тілінен аударғанда "жекежай, қала сыртындағы үй" дегенді білдіреді.

© Shutterstock

Сарай баронесса Регалейраның құрметіне осылай аталған. Ол жекежайды 1840 жылы сатып алған. 1904 жылы миллионер және масон Антонио Монтейру сарай мен саябақты діни-салттық элементтер мен символдармен және тамплиерлер мен масондық белгілермен жабдықтауға шешім қабылдайды. Кинта да Регалейраның құрылысы 1904 жылы басталып, 1910 жылы аяқталды.

© Shutterstock

Антониу Авгушту Карвалью Монтейру - бразилиялық асыл тастар мен кофемен сауда жасап ақша тапқан миллионер. Ол жартылай бұзылған жекежайды мұнаралары, құдықтары және жер асты өткелдерінің бүкіл жүйесі бар әдемі шағын сарайға айналдырды.

© Shutterstock

Жекежай аумағы туристер үшін ашық. Айтпақшы, көрмегендер үшін алдымен басты рөлде Джонни Депп ойнайтын Роман Поланскидің "Тоғызыншы қақпа" мистикалық триллерін (тағы да тозақтың тоғыз шеңберін меңзейді) көруге кеңес береміз. Тарихта көп нәрсе "жыртқыш нөмірі" деп аталған 666 санына сілтеме жасайды. Атап айтқанда, 1666 жылы "Көлеңкелер патшалығындағы тоғыз қақпа" кітабы жазылған, 666 - Болкан Пентхаус лифтіндегі және оның жеке кітапханасындағы коды. Бір қызығы, фильмнің тұсаукесері 1999 жылы өтті және "Тоғызыншы қақпаға" қатысты көптеген теориялар бар.



Видео Youtube/КиноСоветник 

Бірақ біз "Тоғызыншы қақпаны" көруге кеңес береміз, мұндағы рух пен атмосфераның ұқсастығы ғана емес, сонымен қатар, фильмнің кейбір эпизодтары осы жерде түсірілген. Мысалы, "мыстанмен" түсірілген кейбір көріністер.

© Shutterstock

"Төңкерілген мұнараға" қалай баруға болады?

Саяхатшы Антон Путянин "Төңкерілген мұнараға" қалай бару керектігі бойынша нұсқаулығымен бөлісті.

"Төңкерілген мұнараны" табу оңай емес. Бұл саябақтың жоғарғы жағында, оған кірген бойда барған дұрыс, әйтпесе жоғарыға көтерілуге тура келеді. Картадағы нұсқаулықта ол түсініксіз түрде көрсетілген. Ол жерден көріністер әдемі, әрине. Құдыққа барар жолда сіз екі мұнарамен қоршалған құдайлық террассаны көресіз - бұл жоғарғы жағында қасиетті орны бар кесілген пирамидаларға ұқсас діни ғимараттар".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игрушки. Полимерный декор. (@elena_chaush)

"Бұл құрылымнан оңға қарай жол бар. Сол жаққа қарай құдықтың түбінде жатқан үңгірлер мен батпақтарға апарады. Жолды кесіп өтіп, одан әрі оңға қарай соқпақпен жүруге болады, биікке көтерілу қиын, бірақ соқпақ екі есе қысқа. Үйінді тастардың артында зынданға кіретін жер бар, ал сыртында ол құлап қалған ескі мұнараға ұқсайды, бірақ ол осылай жасалған".

"Күзде құдықтың ішін мүк басады және ылғалданады... Бірақ осылай одан да тартымды бола түседі. Баспалдақты су басады".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julia Llkv ?? (@julia_llkv)

Құдықтың түбіне жеткенде саяхатшы туннельдер жүйесі арқылы жолын жалғастырды, ол жер асты су қоймаларына кезігеді.

"Ары қарай кішігірім батпақты көлдерге апаратын жерасты лабиринті бар. Құдықтың түбінде көптеген үзінділер бар, оны тіпті лабиринт деп те атауға болады. Туннель жүйесінде көптеген кіреберістер мен шығатын жерлер бар, олар сағат мұнарасына, жерасты үңгірлеріне, сарқырамалы көлге және басқа да көрнекті жерлерге апарады".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Quinta da Regaleira (@quinta.da.regaleira)

"Кейбіреулері жақсы жарықтандырылған, ал кейбіреулері қара көлеңке. Мен картадан қозғалыс схемасын таппадым, бірақ әлі ешкім мұнда адасқан емес. Кейбір жолдар суға апарады, әрі қарай жүре алмайсың".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Quinta da Regaleira (@quinta.da.regaleira)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Quinta da Regaleira (@quinta.da.regaleira)

"Мен жер бетіндегі жарыққа шықтым, бірақ бәріміз абдырап қалдық, бір-бірімізді іздеуге тура келді".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Quinta da Regaleira (@quinta.da.regaleira)

Өз кезінде миллионер Антониу Монтейру жекежайды туристік аймаққа және елінің негізгі табыс көздерінің біріне айналады ойлады ма екен? Бірақ жағдайға қарамастан, ол Португалия астанасы Лиссабонға жақын жерде жекежай құрды. Сондықтан осы қаладан сіз Еуропаның көрікті жерлеріне экскурсиялық автобуспен оңай жете аласыз.

Пандемия кезінде саябаққа бару шарттары:

- Сіз тек несиелік немесе дебеттік картамен төлем жасай аласыз. Қолма-қол ақша қабылданбайды;
- Гид құрған 10 адамнан тұратын экскурсиялық топ;
- аудиогидті жалға беру қарастырылмайды;
- Регалейра сарайының ішіне бір уақытта 12 келушіге ғана рұқсат етіледі және тек бір бағытта жүру қажет;
- құдыққа тек бір бағытта ғана, яғни төмен түсу;
- құдық пен Шығыс жерасты үңгірінің арасында жерасты өтпелерінде тек бір жолмен ғана жүруге рұқсат етіледі;
- құрылысы аяқталмаған құдық, Сарқырамалы соқпақ, Регалейра мұнарасы және Зиккурат жабық.

Сонымен қатар, стандартты ұсыныстар да бар:

- жабық жерде міндетті түрде маска кию. Сыртқа шыққанда шешіп тастауға болады;
- басқа келушілер арасында 1,5 метр арақашықтық сақтау;
- қолды антисептикпен жуу;
- саябақ аумағында ештеңеге қол тигізбеу;
- кассалар мен дүкендерге бір уақытта екі келуші ғана кіру.

Саябақ аумағында террассалы мейрамхана бар.

Есіңізде болсын, суретке әкімшіліктің алдын-ала рұқсатымен ғана түсіруге болады, ал штативтер мен дрондарды пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ сарай мен сағат мұнарасының ішінде фотосуреттерге тыйым салынады.

Құны:

- 5 жасқа дейінгі балалар - тегін
- 6 жастан 17 жасқа дейін - 8 еуро немесе 3 620 теңге
- ересектер (18-64 жас) - 15 еуро немесе 6 787 теңге
- егде жастағы адамдар (65-79 жас) - 8 еуро немесе 3 620 теңге
- 80 жастан бастап – тегін


© Shutterstock

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.