Мәскеулік қонақүйде болған өрттен турист қайтыс болды

Фото: pixabay.com

4 мамырда таңертең Мәскеудегі "Мәңгілік қоңырау" қонақүйінен өрт шыққан. Прокуратура тексеруді бастады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

4 мамырда таңертең Мәскеудегі "Мәңгілік қоңырау" қонақүйінен өрт шыққан. Прокуратура тексеруді бастады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт салдарынан бір турист қаза тапқан, тағы 18 адамға медициналық көмек қажет болған. Ғимараттан барлығы 300-ге жуық адам, оның ішінде 100 бала эвакуацияланды.

Реклама
Реклама

Қадағалау департаменті қонақүйдің өртке қарсы жүйесінде ақау болғанын, сондықтан қонақтарды өрт туралы уақтылы хабардар ете алмағанын анықтады. Атап айтқанда, түтін шығаратын құрылғылар мен дабыл жұмыс істемеген. Сондай-ақ қосалқы эвакуациялық шығу жолдары да болмаған.

Куәгерлердің айтуынша, қонақүй қызметкерлері қонақтарға өрт туралы хабарламаған. Көбі өрттің қатты иісінен оянып, түтінге оранған дәліздерден шыққан. Үлкендер балаларды шығарған.

Айта кетейік, қонақүй бірнеше ай бұрын ашылған, сондықтан мұнда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ешқандай тексеру жүргізілмеген.

Мәскеудің тергеу комитеті бұл дерек бойынша адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету туралы қылмыстық іс қозғады. Прокуратура тергеу барысын ерекше бақылауда ұстайды.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная