Мәскеуде 38 шетелдік турист жоғалды

Фото: pixabay.com

Мәскеуде Ирактан келген 40-қа жуық турист іздестіріліп жатыр. Baza Telegram каналының мәліметінше, туристер 1-2 мамырда "шағын топтармен" шығып, оралмаған. Олардың жоғалуында қылмыстық із жоқ, бірақ туристер босқындар мәртебесін алып, Ресейде қалғысы келеді деген нұсқа бар, - деп хабарлайды Tourprom сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде Ирактан келген 40-қа жуық турист іздестіріліп жатыр. Baza Telegram каналының мәліметінше, туристер 1-2 мамырда "шағын топтармен" шығып, оралмаған. Олардың жоғалуында қылмыстық із жоқ, бірақ туристер босқындар мәртебесін алып, Ресейде қалғысы келеді деген нұсқа бар, - деп хабарлайды Tourprom сайты.

Дереккөздің хабарлауынша, ирактық туристер - шамамен тоғыз отбасы, кейбіреуі балаларымен бірге туристік визамен ұшып келген. Олар бір апталық турды жоспарлаған. Бірнеше экскурсияға баруы керек еді.

"Олардың төлқұжаттары қонақүйдің тіркеу үстеліне қатаң нұсқаумен берілді - туристердің қолына құжаттар берілмеді, экскурсияға барған кезде тек гидке беруге болады", - деп қосты туристердің жоғалуы туралы өтініш берген туристік агенттіктің қызметкері.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, келгендер шаршағанын айтып, көрікті жерлерді көруден бірден бас тартқан. Осыдан кейін туристер бірнеше рет төлқұжатын әртүрлі сылтаумен алуға тырысқан. Ала алмаған. Бірақ шағын топ болып шыққаннан әлі оралмады.

Туристік агенттік өкілінің айтуынша, ирактықтардың нақты мақсаты туризм емес.

"Ирактықтардың шынайы мақсаты Қызыл алаң мен Әулие Василий соборы емес, босқындар мәртебесін алуға және Ресейде қалуға тырысу болды", - дейді олар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная