Мас жолаушының әуежай қызметкерлеріне жұдырық ала жүгіргені видеоға түсіп қалды

Рейске отыруға рұқсат ала алмаған мас жолаушы әуежай қызметкерлерімен төбелесті. Жанжал видеоға түсірілді. Оқиғаның видеосын New York Post жариялады.

Оқиға Бристоль әуежайында (Ұлыбритания) болды. Басылымның мәліметінше, 39 жастағы ер адам мен оның 37 жастағы серігі қатты мас болған, сондықтан оларды Аликантеге (Испания) бара жатқан EasyJet-ке отырғызылмады.

Куәгерлер түсірген видеода әйелдің қолын сілкіп, күзет қызметкерлеріне қауіп төндіргені көрінеді. Содан кейін ер адам оны итеріп, әуекомпания өкілдерін жұдырығымен ұрады. Агрессивті жолаушы әуежай қызметкерлерінің бірін бетіне ұрады, ал оның серігі қабырғаға соғылып, еденге құлады. Кейін екі жолаушыны полиция ұстады. Оқиғаның видеосын мына жерден көре аласыздар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!