Мас жолаушы ішімдік бермеген экипаж мүшелеріне шабуыл жасады

© pixabay.com/Alexas_Fotos

Мәскеу - Минералды Сулар рейсінде мас жолаушы өзіне ішімдік сатпай қойған экипаж мүшелеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеу - Минералды Сулар рейсінде мас жолаушы өзіне ішімдік сатпай қойған экипаж мүшелеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

Оқиға Nordwind әуекомпаниясына тиесілі Airbus A330 ұшағының бортында болған. Сапардың біршама бөлігінде бизнес-санатында отырған ер адам ешкімнің мазасын алмаған, алайда Грозныйға жақындаған кезде ол бортсеріктен коньяк әкеліп беруін талап еткен. Бортсерік оның талабын қанағаттандырмаған, осы кезде төбелес басталған.

Реклама
Реклама

Жанжал кезде жолаушы бортсеріктің қолын сындырған. Ұшқыштар жанжал туралы естіген соң, дереу төмендей бастаған. Минералды Сулар әуежайында бұзақыны полицейлер күтіп алған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная