Үндістан астанасы Делидеге зообақта ер адам арыстанның "үйінде" қонақта болып, онымен әңгіме-дүкен құрмақ болған. Жас жігіт темір қоршаудан секіріп өтіп, аң патшасымен ой алмасқысы келген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бәлкім оның осыншама батыл болуына ағзасындағы спирттік ішімдіктің әсері шығар, өйткені сау күйде мұндай қадамға бару - бассыздық болар еді.
Экстремал жігіттің жолы болған. Арыстан күтпеген қонағы келгенге дейін жақсы тамақтанып алған және өзіне қонаққа келіп, әңгіме айтқан ер адамды бөлмей тыңдаған.
Кейінірек зообақ мамандары ер адамды сап-сау күйде арыстанның "үйінен" алып шыққан.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!