Мароккода ер адам франциялық егде жастағы әйелді өлтірді

Иллюстрация. © pixabay.com

Мароккода "есінен адасқан" ер адам Франциядан келген егде жастағы отбасылық жұпқа таспен шабуылдаған. Соның салдарынан тастардың бірі әжейдің басына тиіп, қайтыс болған, - деп хабарлайды Africa News.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мароккода "есінен адасқан" ер адам Франциядан келген егде жастағы отбасылық жұпқа таспен шабуылдаған. Соның салдарынан тастардың бірі әжейдің басына тиіп, қайтыс болған, - деп хабарлайды Africa News.

Басылым мәліметінше, 80 жастағы қайтыс болған франциялық әйелдің күйеуі ауруханада жатыр екен. Оның жағдайы тұрақты екені айтылады.

Реклама
Реклама

"Оны мекемеге жеткізгенде есін білді", - дейді мамандар.

Арабиялық елдің билігі ер адамның неліктен шабуылдағанын әлі анықтамаған. Алайда күдіктінің "асихикалық ауытқуы" бар деген нұсқа айтылады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Осы дерекке қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Айта кетейік, сейсенбіден бейсенбіге қараған түні футболдан Франция-Марокко ойынынан кейін Парижде жаппай тәртіпсіздіктер болған. Екі елдің фанаттары кафелердің терезелерін шағып, бағанадағы туларды өртеп, көлік қозғалысын тежеген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, осы оқиғалардың салдарынан 14 жастағы жасөспірім қайтыс болған. 200-ден аса адам ұсталған. 1956 жылға дейін Марокко Франция колониясы болған.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная