Манчестерге ұшып шыққан ұшақ бортында 11 адам зардап шекті

Фото: pixabay.com

Барбадос-Манчестер рейсі ұшағында 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Барбадос-Манчестер рейсі ұшағында 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

AviationSource мәліметтері бойынша, Maleth Aero DB1975 рейсі Кариб теңізіндегі P&O круизі жолаушыларын қайтару кезінде, ұшып шыққаннан кейін екі сағаттан соң 38 000 фут биіктікте қатты турбулентті аймаққа тап болған. Экипаж Бермуд аралдарына шұғыл қонуға шешім қабылдады, онда зардап шеккендердің 11-і медициналық көмек алған.

Бортта шамамен 225 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болған. P&O өкілі бұл оқиғаны растады, туындаған жағдайлар үшін кешірім сұрады және зардап шеккендерді үйге жедел қайтару үшін әуекомпаниямен және қонақүйлермен жұмыс істейтіні айтылды.

Реклама
Реклама

Рейс барлық жолаушыларды Манчестерге апарып, рейсін сәтті аяқтағаны хабарланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная