Мальтаның ең ірі аралы Гозоның оңтүстік-батыс бөлігіндегі Шленди қалашығында әлемдегі алғашқы тереңсулы археологиялық парк ашылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
115 метр су түбіне түскен ондаған артефактыны қазіргі уақытта тек кәсіпқой сүңгуірлер көре алады.
Парк аумағы 67 000 шаршы метр.
Зерттеушілер ол аймақтан көне заманның көптеген артефактілерін тапқан. Ол жерде парк ашу идеясы үш жыл бұрын айтылған еді.
Судың тым терең болуына байланысты паркке тең кәсіби сүңгуірлер бара алады, алайда Интернет қолданушылары үшін арнайы виртуалды экскурсиялар ойластырылған. Underwatermalta.org сайты бірнеше тілде қолжетімді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!