Мальдив, Тунис және Марокко қызыл тізімге енгізілді

Көрнекі сурет ©Shutterstock

Германияның Денсаулық сақтау министрлігінің Роберт Кох институты (RKI) аурудың өршуі туралы деректерді қадағалап, Үкіметке кеңес берді. Ол 20 елді, соның ішінде Тунис, Марокко және Мальдивтің танымал туристік бағыттарын "жоғары қауіпті" елдер ретінде жіктеді. Яғни оларды қызыл тізімге енгізді. RKI-дің жаңартылған нұсқасында санитарлық билік ешбір елді қызыл тізімнен шығарған жоқ, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осы санатқа жатқызылған елдерден Германияға баратын вакцина алмаған туристер Еуропа еліне келгеннен кейін алдын ала цифрлық кіру декларациясын толтырып, келген кезде 10 күн карантинде болуы керек. Ал 5-күні коронавирус инфекциясын анықтайтын тест тапсырады. Бұл рәсім туристер үшін тегін болады. Санитарлық билік алты жасқа дейінгі балаларды тестілеуден босатты. Олар үшін оқшаулау екі есе қысқа болады - тек бес күн.

Соңғы 3 ай ішінде вакцина алған, сондай-ақ коронавирус жұқтырып, сауыққан келушілер карантиннен босатылады. Қазір германиялықтардың шамамен 73 пайызы толық вакцина салдырды, ал шамамен 50 пайызы ревакцинациядан өтті.

Реклама
Реклама

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная