16 сәуір 2021 12:59

Мальдив аралдарында туристерге коронавирусқа қарсы екпе ұсынылады

Фото: pixabay.com

Мальдив аралдарына келген туристерге коронавирусқа қарсы екпе ұсынылады. Бұл шара жаппай вакцинациялаудың үш кезеңдік науқаны аясында қолға алынды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы CNBC басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туризм министрі Абдулла Маусум жақында аралдарға келген туристерге вакцина салу ұсыныла бастайтынын айтты. Бастама пандемия кезінде зардап шеккен туристік саланы жандандыруға бағытталған. Ол саяхатшыларды "елге қыдырып келуге, вакцинациялауға және демалуға" шақырады.

Сондай-ақ, министр мемлекет бірінші кезекте жергілікті халықты вакцинамен қамтамасыз ететінін атап өтті. Арал тұрғындары екпенің екі дозасын алғаннан кейін ғана ел саяхатшыларды вакцинациялауға дайын болады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram