Малайзияның Селангор штатында сегіз жолаушысы бар ұшақ тасжолға құлады. Билік өкілдері қанша адам қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Star басылымына сілтеме жасап.
Ұшақ тасжолда көлік пен мотоциклге соқтығысып, артынша жарылған. Ұшақтың құлаған және жарылған сәті тағы бір автокөлікте орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген.
DailyMail порталының мәліметінше, апат салдарынан он адам қаза тапқан. Бұл алты жолаушы, екі экипаж мүшесі және жердегі көлік қозғалысының қатысушылары - көлік және мотоцикл жүргізушілері.
Ұшақ Jet Valet әуекомпаниясына тиесілі, ол Лангкваи топаралынан ішкі рейспен Куала-Лумпур әуежайына бағыт алған. Әуеайлаққа 10 шақырым қалғанда лайнер апатқа ұшыраған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!