Малайзияда туристерге шекара ашу мәселесі қарастырылып жатыр

Малайзия үкіметі туризм индустриясын көтеру мақсатында шекараны ашу мүмкіндігін қарастыруда, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Malaymail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Малайзия үкіметі туризм индустриясын көтеру мақсатында шекараны ашу мүмкіндігін қарастыруда, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Malaymail басылымына сілтеме жасап.

Өнер, мәдениет және туризм министрлігінің басшысы Нэнси Шукри баспасөз конференциясында қазіргі таңда министрлік «жасыл аймақтағы»: Сингапур, Бруней, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань және Жаңа Зеландия елдерімен шекараны ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Министр «жасыл туризм қоршауының» енгізілуі туризм секторын жандандыруға көп көмегін тигізді. Осыған байланысты, мысалы, Лангкави аралындағы көптеген қонақүйлер толығымен брондалған. Сондықтан бұл жақсы бастама болды.

Реклама
Реклама

"Алайда жаңа шаралар қабылдау үшін мәселені басқа министрліктермен, атап айтқанда Денсаулық сақтау министрлігімен талқылау қажет", - деді министр. Сонымен қатар, министр жасыл аймақтағы елдерден басқа жерлерге саяхаттайтын жандарға барлық қауіпсіздік шараларын және физикалық қашықтықты сақтауға шақырады.

Еске салсақ, Малайзия келесі жылдың 1 қаңтарына дейін туристерге өз шекараларын ашуды жоспарлап отырған жоқ. Тек малайзиялық отбасы мүшелері, кәсіпкерлер мен инвесторларға ғана рұқсат бар. Тіпті олардың келуі үшін алдымен виза, сонымен қатар елшіліктен рұқсат алу керек. Малайзия 10 маусымнан бастап ел ішіндегі жол жүруге қойылған шектеулердің көпшілігін алып тастады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная