Малайзия туристерді наурыздан бастап қабылдауға дайындалып жатыр

Малайзияда наурыздың басында саяхатшылар үшін шекараны толығымен ашуға ниетті. Шетелден келгендерден карантин талап етілмейді. Малайзия экономикасын қалпына келтіру жөніндегі ұлттық комитетте тиісті шешім шығарылды. Бұл туралы комитет басшысы Мухиддин Ясин мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі CNA басылымына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Малайзияда наурыздың басында саяхатшылар үшін шекараны толығымен ашуға ниетті. Шетелден келгендерден карантин талап етілмейді. Малайзия экономикасын қалпына келтіру жөніндегі ұлттық комитетте тиісті шешім шығарылды. Бұл туралы комитет басшысы Мухиддин Ясин мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі CNA басылымына сілтеме жасай отырып.

Басылымның мәліметінше, саяхатшылар ПТР-тестінен екі рет өтуі керек: кетер алдында және келгеннен кейін. Вакцина алған туристер карантиннен толығымен босатылады деп күтілуде.

"Ұлттық шекараларды ашу жоспарлы түрде және қазіргі тәуекелдерді бағалау негізінде жүзеге асырылуы тиіс", - деп толықтырды Мухиддин Ясин.

Реклама
Реклама

Жақында Малайзияның Денсаулық сақтау министрлігі шекараны ашудың талаптары мен рәсімдері туралы толық ақпаратты жариялайды. Олар барлық елге ашық болады, өйткені омикрон барлық аймаққа таралды. Малайзия билігі туристер мен инвесторлардың оралуымен экономиканы қалпына келтіру процесі жеделдейді деп күтеді.

Қазір Малайзияның шекаралары шетелдіктер үшін төтенше жағдайлар, ресми істер және басқа да мәселелер сияқты жекелеген жағдайларда ғана ашық. Міндетті карантин кезеңі толығымен вакцина алған саяхатшылар үшін жеті күнді, ал ішінара немесе мүлде вакцина салдырмаған адамдар үшін он күнді құрайды. Үдеткіш дозаны алғандар бес күн бойы оқшаулануы керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная