Малайзия туристер үшін кіру ережелерін өзгертті

Фото ©Pixabay

Малайзия 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық шетелдіктен елге кірер алдында онлайн формаларды толтыруды талап етеді. Бұл туралы елдің Иммиграциялық қызметі жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Malaymail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Малайзия 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық шетелдіктен елге кірер алдында онлайн формаларды толтыруды талап етеді. Бұл туралы елдің Иммиграциялық қызметі жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Malaymail басылымына сілтеме жасап.

Жүйе қазірдің өзінде жұмыс істей бастады - Malaysia Digital Arrival Card (MDAC) келуден үш күн бұрын немесе сол күні онлайн түрде толтырылады.

Электрон нысанда аты-жөні, төлқұжат деректері, электрон поштасы, тіркелген жері, келу және кету күні, көлік түрі және кету елі бар.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін көрсетілген электрон поштаға PIN коды бар растау жіберіледі, ол PDF форматында сақталуы және кіру кезінде шекаралық бақылау қызметкерлеріне көрсетілуі керек.

Шекарадан өтпеген транзиттік жолаушылардан бланк талап етілмейді. Сингапур азаматтары мен көршілес Бруней, Таиланд және Индонезияның арнайы құжаттарының иелері де MDAC алудан босатылған.

Еске салайық, қазақстандықтар Малайзияда 30 күнге дейін визасыз қала алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная