Дағыстанда жексенбіде Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктерге қатысқан 83 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Полиция 50-ден аса тінту жүргізіп, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 83 адамды ұстады. Тәртіп сақшылары акцияны ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылардың мекенжайын анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жалғастырып жатқаны айтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дағыстан әуежайында Тель-Авивтен шыққан ұшақтың қонуына байланысты тәртіпсіздіктер басталған болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, ұшақта Израиль азаматтары болмаған. Ашынған халық төлқұжаттарын тексеру үшін адамдарға шабуыл жасамақ болды, содан кейін наразылық білдірушілер ұшу-қону жолағына күшпен шығып кеткен.
Рейстегі жолаушылар қауіпсіздікке байланысты бірнеше сағат бойы ұшақтардан шыға алмаған. Қонуға үлгермеген ұшақтар көрші елдердің әуежайларына жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!