Мәдени шок! Турист Аустралиядағы көрген қызығын видеоға түсіріп алған

© pixabay.com

Саяхатшы қыз Аустралия тұрғындарының азық-түлік дүкеніндегі бір ерекшелігіне таңғалып, оны видеоға түсіріп алған. Қыз бала видеоны TikTok аккаунтында жариялады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Саяхатшы қыз Аустралия тұрғындарының азық-түлік дүкеніндегі бір ерекшелігіне таңғалып, оны видеоға түсіріп алған. Қыз бала видеоны TikTok аккаунтында жариялады. 

Лос-Анджелестен барған америкалық турист Сиднейдегі гипермаркеттердің бірінде аустралиялықтардың бір әрекетіне таңғалған. Видеода ол жергіліктің тұрғындардың жалаңаяқ жүргені туралы айтады. Ролик авторының айтуынша, Гавайда адамдар осылай істейді, алайда мегаполис тұрғындарына бұл еш жараспайды.

"Мен бұл адамдарды жақтырмағаным емес, тек мәдени шок алғанымды жеткізгім келген. Аустралиялықтарда аяқ киім - міндетті зат емес секілді. Кейбіреулерінің өкшесі әбден қарайып кеткен", - дейді америкалық қыз.  

Реклама
Реклама

Видеоны көрген қолданушылар түрлі пікірлер айтады. "Жағажай маңында тұратын болған соң, аяқ киімсіз жүруге үйреніп кетесің!", "Бұрын соңды жалаңаяқ жүріп үйренген болсаң, онда ешуақытта аяқ киім кигің келмейді", "Меніңше, бұл өте жақсы - дүкенге жалаңаяқ бару", "Егер дүкен жағажай маңында болса, неге жалаңаяқ жүрмеске?", "Жағажайлы қалалардың тұрғындары көбінесе аяқ киім кимейді", - деп жазды олар. 

@sophiainsydney

lol #woolies #wooliesgang #aussietok #australiatok #australian #aussierules #aussietiktok #australia🇦🇺 #australia #australiantiktok #australiacheck

♬ Essence (feat. Justin Bieber & Tems) - WizKid
TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная