Мәдени код! Әртүрлі елдегі өзгеше әдеттер

© elements.envato.com

Әрбір елдің өзіндік қайталанбас мәдени коды бар, бұл оның басты байлығы десе де болады. Олардың кейбірі стереотип ретінде көрінуі мүмкін, бірақ ешбір стереотиптің өзі бостан бос тумайды. Туризм туралы жазатын Turistas басылымы осындай өзгешілігі бар бес елді мысалға келтіріпті, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әрбір елдің өзіндік қайталанбас мәдени коды бар, бұл оның басты байлығы десе де болады. Олардың кейбірі стереотип ретінде көрінуі мүмкін, бірақ ешбір стереотиптің өзі бостан бос тумайды. Туризм туралы жазатын Turistas басылымы осындай өзгешілігі бар бес елді мысалға келтіріпті, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

АҚШ

Реклама
Реклама

Американың көп бөлігінде үйге кіргенде аяқ киімді шешпейді. Бұл қала көшелерінің тазалығына байланысты, оларды күнде жуып тұрады екен.

Сосын бұл елде адамның не киіп алғанына мүлде назар аудармайды, сіз дүкенге пижамамен барып келсеңіз де сізге ешкім тесірейе қарамайды.

Одан кейін бұл елде ұйқыға ерте жатады екен, мәселен кешкі сегізде. Ал таңғысын ерте тұрып, елдің көп бөлігінде күн шуақты болғандықтан спортпен айналысу кең таралған.

Ұлыбритания

Ұлыбританияда шайды өте жақсы көреді. Бұл әдет ағылшындарға Португалиядан келген екен. Шайды Англияға Катарина Брагансская король Екінші Карлға тұрмысқа шыққанда алып келген. Сосын бұл әдет кең таралып, шай сол кезде ағылшындар жақсы көрген кофеден де сүйікті болып кетіпті.

Германия

Немістер бәрін ереже бойынша істейтін халық. Бұл тіпті күнделікті шайды қайнатуға да қатысты.

Одан кейін немістер жаңа сығылған шырынды сол күйде ішпейді, бұл елде оны зиянды деп есептейді екен. Немістер оған су қосып, кейде үстіне мұз да салып жатады.

Франция

Францияда жұмыс күні кезінде тамақтануға ұзақ үзіліс жасау әдетке айналған - екі сағатқа дейін барады. Әрбір жұмыс беруші қызметкерінің асты барынша ләззәтпен қабылдауына және аздап демалуына мән беретін көрінеді.

Франциялықтар өте үнемшіл халық, қолында барымен ғана күн көреді. Ал ақшасын аямайтын бір ғана дүние ол - тамақтану екен.

Оңтүстік Корея

Оңтүстік Кореяда түшкірген адамға "Сау бол!" деп ешкім айтпайды. Түшкірген адам сыпайылық үшін кешірім сұрайды да қояды, ал өзгелер назар да салмайды.

Кәрістер үшін адамның жасы өте маңызды - таныса сала олар жасыңызды сұрауы мүмкін. Осыған қатысты ары қарайғы әңгіменің барысы анықталады. Кореяда Қазақстандағыдай адамның жасын сыйлайды, сондықтан асты жасы үлкен адам жеп бастайды екен. Сонымен қоса, мұнда балаларға деген ықылас ерекше.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная