Лувр желіде 480 мың экспонатын жариялады

Париждегі Лувр музейі интернетте жарты миллионға жуық экспонаттан тұратын коллекциясын тегін таныстыру үшін жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Әлемдегі адам ең көп келетін музей қазір жұмысын жаңартып, collections.louvre.fr сайтында 480 мың заттың дерекқорын құрды. Виртуалды экспонаттардың төрттен үш бөлігіне түсіндірме ақпарат қоса жарияланған.

Веб-сайтта музейдің сегіз бөлімінің коллекцияларынан Ренессанс мүсіндерінен бастап Мысырдың ежелгі дәуіріне дейінгі өнер туындылары бар. Сондай-ақ, сайт пайдаланушыларға әдетте көруге болмайтын қоймадағы өнер туындыларын зерттеуге мүмкіндік береді. Ресурс француз, ағылшын, испан және қытай тілдерінде қолжетімді.

Пандемия кезінде музейдің негізгі louvre.fr сайтында трафик күшейгеннен кейін мәдени орын басшылығы экспонаттарды онлайн көрсету шешімін шығарған. Музейдің өзі коронавирус пандемиясына және жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты келушілер үшін жабық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!