Лондондағы Әулие Павел шіркеуі біржола жабылуы мүмкін

Лондондағы Әулие Павел шіркеуі коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған қаржылық шығындарға байланысты біржола жабылуы мүмкін. Бұл туралы RATA-News жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Менеджерлердің айтуынша, тарихи орын соңғы 300 жылдағы ең ауыр қаржылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Оның жұмыс істеуі толығымен туристік билеттерді сатуға байланысты болғандықтан, карантин кезінде келушілерді қабылдау мүмкін емес. XIII ғасырдан бері жәдігер болып келе жатқан әлемге әйгілі собор хорына да қауіп төнуі мүмкін деген қорқыныш бар.