Лондонда вакцина салдырған жолаушылар үшін жеңілдетілген сапар жоспары сыналды

Фото: pixabay.com

Лондонның Хитроу әуежайы, British Airways және Virgin Atlantic әуекомпаниялары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған жолаушылар үшін Ұлыбританияға жеңілдетілген кіру схемасын қолдана бастады. Бұл туралы компаниялардың бірлескен мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Лондонның Хитроу әуежайы, British Airways және Virgin Atlantic әуекомпаниялары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған жолаушылар үшін Ұлыбританияға жеңілдетілген кіру схемасын қолдана бастады. Бұл туралы компаниялардың бірлескен мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон "сары" тізімдегі елдерден келетін толық вакцина салдырған саяхатшылар үшін билік карантинді алып тастай алатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Коронавирусқа қарсы егілген барлық ұлт саяхатшылары өз сертификаттарын электрон немесе қағаз түрінде ұсына алады", - делінген саясаткердің хабарламасында.

Әзірге экспериментке қатысуға келіскендер туралы айтылып жатыр. Бұл әзірге Афина, Лос-Анджелес, Монтего Бей және Нью-Йорктен Лондонға белгілі рейстермен келетіндерге қатысты болып отыр. Пилоттық режимнің қатысушылары сынақ кезеңі ішінде "сары" тізімдегі елдерден келетін саяхатшылар үшін қолданыстағы шектеулерді сақтауды жалғастыратын болады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная