Ливия 10 жыл ішінде алғаш рет шетелдік туристерді қабылдады


Еуропадан 100-ден аса турист Ливияға соңғы 10 жылда алғаш рет келді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Сапар туризм және қолөнер министрлігінің қолдауымен және туристік компаниямен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Global Times басылымының мәліметінше, қонақтар Ливияға көрші Тунистен құрлық шекарасы арқылы келді. Олар Ливияның солтүстік-батысындағы Гадаместен елдің тарихи елді мекендеріне 12 күндік сапар жасауы керек.

Тур бағдарламасы бірнеше қала бойынша экскурсиялық маршрутты, соның ішінде Триполи мен Сабратты, шөлдегі аялдаманы, мемлекеттің мәдениеті, салт-дәстүрлерімен танысуды, сондай-ақ музыкалық және фольклорлық фестивальдерге баруды қамтиды.

Еуропалық қонақтарды қабылдайтын жергілікті Murcia Travel and Tourism Company компаниясының өкілдері бағдарламаны дайындауға және маршрутты үйлестіруге шамамен 4 ай кеткенін айтты. Болашақта туристерді көптеп қабылдау және мемлекетке турлар бойынша ұсыныстарды кеңейту күтілуде.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты
Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды
Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты