Ливанда қонып жатқан ұшаққа қалқыма оқ тиген

Бейрут әуежайында қонып жатқан ұшаққа кездейсоқ оқ тиді. Әуе кемесі ливандық ұлттық Middle East Airlines әуекомпаниясына тиесілі. Осы рейсте жергілікті саясаткер Паула Якубян отырған, - деп хабарлайды Aljadeed.

Якубян Twitter желісінде осы оқиғаның суретін жариялады, онда оқтың ұшақ фюхеляжын тесіп өткенін көруге болады. Ұшақ бортында отырған жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Реклама
Реклама

"Қайырлы таңның орнына ешкім зардап шекпегені үшін Құдайға алғыс айту керек. Бақылауға алынбаған қару айналымы мен кездейсоқ оқтардың ұшу тоқтауы керек", - деп жазды саясаткер әйел.

بدل صباح الخير صار لازم نقول لبعض الحمدالله على السلامة #لبنان
السلاح المتفلت والرصاص الطايش لازم ينوضعلو حد
التفاصيل الليلة مع مرسال غانم الساعة ١٠ @mtvlebanon @sarelwa2et https://t.co/rPvcAnlMVI pic.twitter.com/s6nggvxpyl

— بولا يعقوبيان (@PaulaYacoubian) November 10, 2022

Aljadeed мәліметінше, саясаткер Middle East Airlines әуекомпаниясымен Йорданиядан Бейрутқа ұшып келген. Тасымалдаушы компания Мохаммед әл-Хауттың айтуынша, Ливан астанасының әуежайында мұндай оқиғалар бұрындары да болған екен.