Литвада қарттар үйінің тұрғындары вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтыра бастады

Литвадағы интернатта науқастарға вакцина салғаннан кейін коронавирус өршіп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости

Вакцина салынған науқастар коронавирус жұқтырғаны туралы қарттар үйінің тұрғыны айтып берген. 

"Қарттар үйінде COVID-19 жұқтырғандар саны артты. Коронавирус жұқтырған 15 адамның 14-іне вакцина салынған", - делінген интернаттың баспасөз хабарламасында. 

Қарттар үйі басшылығының мәліметінше, Ұлттық денсаулық сақтау орталығы (NVSC) мекемеде вакцинация процесін қосымша тексеруді бастайды.

Сонымен қатар, қарттар үйі баспасөз хабарламасында ешқандай вакцина COVID-19-дан 100 пайызға қорғамайтынын еске салды.

"Орталықтың тәжірибелі дәрігерлері бір уақытта 13 адам вакцинацияланғанына алаңдаған және вакцинаның тиімділігі дәлелденген кезде, көптеген адамда иммунитеттің болмауы сұрақ тудырады", - деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы баспасөз қызметі. 

Ведомство мамандары жағдайдың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!