Литва барлық шектеуді алып тастады

Литва 1 мамырдан бастап қалыпты жағдайға оралды және кіретін саяхатшылар үшін антиковид кіру ережелерін жойды. Шекарада туристерді "нөлдік" кіру бақылауы күтеді, яғни осы айдан бастап олар қандай елден келгеніне қарамастан Литваға шектеусіз кіре алады, - деп хабарлайды Турпром сайты Литваның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

"Литваға әлемнің кез келген нүктесінен келген саяхатшылар бұдан былай COVID-19 талаптарына жауап бермейді: олар сапар алдында коронавирус сынағынан өтудің қажеті жоқ және Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сауалнамасын толтырудың қажеті жоқ",- деп мәлімдеді жергілікті шенеуніктер.

Реклама
Реклама

Осы мәлімдемеге сәйкес, 1 мамырдан бастап барлық саяхатшыға вакциналау, қалпына келтіру немесе тестілеу туралы жарамды сертификаты болмаса да, Литваға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі. Карантинді өтеудің қажеті жоқ. Литва билігі вакциналау және инфекция көрсеткіштерін қарастырғаннан кейін кіру шараларын жою туралы шешім шығарғанын хабарлады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!