Лионель Месси сатып алған қонақүйге қатысты мәселелер шықты

Танымал футболшы Лионель Месси Барселонаның маңынан қонақүй сатып алған. Алайда қонақүйге қатысты проблемалар пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom басылымына сілтеме жасап.

Жерорта теңізі курортының басшылығы қонақүй заңды бұзды деген айыппен оны сүруді көздеп отыр. Бұл туралы испаниялық БАҚ жазады. Келісімшарт бойынша туристік нысанның құны шамамен 30 млн еуро тұрады.

Футболшы бизнесіндегі жағымсыз жаңалықтарға таңғалды. Жергілікті газеттердің мәліметінше, қонақүй қалалық стандарттарды бұзғандықтан билік нысанды бұзғысы келеді. Жақын арада Испанияның Барселона футбол клубының бұрынғы басшысының мүлкін бұзу туралы сот шешімі күтілуде. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, қонақүйдің балкондары тым үлкен, бірақ оларды азайтуға кез келген әрекет ғимараттың құлауына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, 2013 жылы салынған қонақүйде өрттен эвакуация проблемалары бар.

2017 жылы Месси Барселонадан жарты сағаттық қашықтықта орналасқан Ситжес қаласында (Испания) төрт жұлдызды Мediterrenean қонақүйін сатып алған. Қонақүйде 77 бөлме, оның ішінде бес люкс және бір люкс бөлме бар, бір түннің бағасы адам көп келетін маусымда шамамен 120 еуроны құрайды. Футболшы инвестиция салған қонақүйді каталониялық Majestic Hotel Group агенттігі басқарды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!