Ликерді сімірген пілдер орманда ұйықтап қалған

Үндістанның Одиша штатының Кеонджхар ауданындағы ауылдың тұрғындары орманда ұйықтап жатқан 24 пілді тапқан, - деп хабарлайды Deccan Herald. Алып жануарлар шамамен бір жылдық ликер қорын ішіп қойған.

Үндістер "махуа" деп аталатын ликерді дайындап, үлкен құтыларда сақтайтын болған.

"Біз орманға шамамен таңғы алтыда келдік, сөйтсек біздің құтыларымызды біреулер сындырып тастаған екен. Сосын жақын маңнан тоғыз аталық, алты ұрғашы және тоғыз пілдің баласын көрдік.

Тұрғындар пілдерді оятпақ болған, алайда нәтижесіз. Олар орман шаруашылығы департаментінің мамандарынан көмек сұраған. Сөйтіп мамандар барабанның көмегімен пілдерді оятқан. Таңғы 10 кезінде пілдер орманның ішіне кіріп кеткен.

"Махуа" ликері - бұл үнділердің алкогольді ішімдігі. Ол негізінен Солтүстік Үндістанда өсетін түрлі шөптер мен ағаштардан жасалады.